14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

5 млн теңгеден астам ақшаны иемденген алаяқ қолға түсті

Кезекті алаяқ қолға түсті! Қызылордалық тәртіп сақшылары қала тұрғынын алдап 5 млн 245 мың теңгені иемденген 1992 жылғы жігітті ұстады. Жұмысқа орналастырамын, қол жетімді бағамен кезексіз баспана алып беремін және кез-келген оқу орнына түсіру қолымнан келеді. Осындай уәделерді үйіп төккен алаяқ 27 жастағы қала азаматшасын өз қармағына түсіріпті. Жаңа танысына құдайындай сенген жәбірленуші үлкен соманы мамыр айында берген екен. Содан кейін алаяқ бой тасталап, ізін суытыпты. Полиция қызметкерлері алаяқты не бары екі күнде іздеп тауып, қамаққа алды. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқ екендігі анықталуда

X