Қызыма қорлық көрсеткендер жазасыз қалды! Бұл — қызылордалық көпбалалы ананың базынасы. Гүлмира Нұрмаханова 8 жастағы қызы өзінің құрбысынан таяқ жегенін айтып, налиды. Сұмдық оқиға жуырда болыпты. Алты баласын асырау үшін жұмысқа тұрған ол перзенттеріне бас-көз болар деген оймен ауылдас құрбысын үйіне шақырыпты. Сол күні танысы ұл-қыздарға қараудың орнына ішімдік ішіп, кәмелетке толмаған балаларды шынжырмен ұрып-соғыпты. Әбден үрейленіп қалған балалар бұл жайлы бірден аналарына айтуға қорқытыпты.
Бала қаратқан құрбым ішімдік ішіп, қызымды шынжырмен ұрды
Дата: 06.10.2020