Қырғыз елінде тағы бүлік. Жогорку Кенешке өтпей қалған партия өкілдері Бішкектің түні бойы айран-топанын шығарды. Ақ үйді өртеп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарын қамаудан шығарып алды. Оппозиция тіпті, «халықтық мемлекет» жариялап , жаңа үкімет жасақтауға да кірісіп кетті. Бұған билік не дейді? Елдің қазіргі басшысы Сооронбай Жээнбеков қандай мәлімдеме жасады? Айыр қалпақты ағайынның алдағы күніне қатысты сарапшылар не дейді?
Қырғыздар Aқ үйді өртеп, Aтамбаевты босатып алды
Дата: 06.10.2020