Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасыларына жәрдемақы енді еш кедергісіз беріледі. Ешқандай да тергеп-тексеру болмайды! Ақордада жиын өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерімен індетінің екінші толқынына дайындық мәселелерін талқылады. Басқосуда Мемлекет басшысы ПТР тесттің бағасы халықтың қалтасына едәуір салмақ салып отырғанын айтып, Үкіметке тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін қатаң шектеу шараларын болдырмаудың амалдарын қарастыру жайы да сөз болды.
Президент: дәрігерлер тиесілі ақшаларын қол жайып сұрамауы керек!
Дата: 07.10.2020