Елімізде құс тұмауынан жалпы саны 406 мың қанатты қырылған. Оның 45 мыңы жеке қожалықтың шығыны. Тауық, қаз, үйректі балапан кезінен бағып, бірақ бір мезетте барынан айырылғандарға Ауылшаруашылық министрлігі көмектесуге дайын. Тіпті, ведомстводағылар бір бас құс өтемақысы 800 бен 1200 теңге аралығында деген бағаны да белгілеген. Бірақ, өкініштісі сол, шығынға батқан құс асыраушылардың барлығы да бұл өтемақыға қол жеткізе алмауы мүмкін. Неге?
Құс тұмауының төлемақысы кімге төленеді?
Дата: 13.10.2020