Талдықорғанда жезөкшелікпен айналысқан еркектер мен олардың жеңгетайы ұсталды. Алматы облыстық полиция басқармасына қаладағы монша кешендерінің бірінде ер адамдардың тәнін саудалайтыны жөнінде хабар түскен. Жедел жүргізілген шара барысында ақпарат расталып, тәртіп сақшылары әкімші әйелді ұстады. Тексеріс нәтижесінде 33 жастағы жеңгетай өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін беріп отырғаны анықталды. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Талдықорғанда жезөкше еркектер мен жеңгетайлары ұсталды
Дата: 13.10.2020