Оппозиция ақыры жеңіске жетті. Қырғыз елінің президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді. Соңына дейін берілмеген мемлекет басшысы қарсыластарының айтқанына көнуге мәжбүр болды. Ал, талан-таражға түскен елді уақытша басқару міндеті Жогорку кенештің спикері Қанатбек Исаевқа сеніп тапсырылды. 15 жылда 5 басшы ауысқан айыр қалпақты ағайынның алдағы жағдайы не болады? Біздің елге тигізер әсері қандай?
Қырғыз елінің президенті өз еркімен отставкаға кетті
Дата: 15.10.2020