Осы Алматыда ірі банк бөлімшелерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиғаның видеосы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мына кадрдан ғимаратқа баса көктеп кірген қаскөйдің есепші отыратын бөлменің терезесін сындырып, ішкен енгенін көруге болады. Болжам бойынша, қаруланған екі қаскүнем кассадан 2 миллионға жуық теңгені қолды қылып, іздерін суытқан. Қазір олар іздестіріліп жатыр.
Алматыда банкке шабуыл жасағандар 2 млн теңгені қолды қылды
Дата: 16.10.2020