Тек жанды дауыс пен шынайы эмоция. Миллиондаған көрерменнің көзайымына айналған «Х-FACTOR» жобасы тура бір аптадан соң көрерменге жол тартады. Еуразия бірінші арнасында елдегі ең ауқымды музыкалық тележобаның 8 маусымы басталмақ. Жылда жаңашылдығымен таңғалдыратын жоба көзі қарақты көрерменіне биыл қандай тосын-сый дайындады? Жоба сыртындағы дайындық барысын біздің түсірілім тобы көріп қайтты.
Х-Factor жобасының сегізінші маусымы басталады
Дата: 16.10.2020