2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Бірнеше өңірде карантин күшейді

Қарағанды кіреберісіне блокпосттар орнатылды. Бірақ бұл шаһарға кіріп-шығу шектелді деген сөз емес. Бүгін түнгі 12-ден бастап аталған аймақта карантин күшейеді. Бұдан бөлек, Қостанай облысына да жаңадан шектеулер енгізілмек. Вирус жұқтырғандар саны күрт көбейгендіктен мамандар осындай шешім шығарған көрінеді. Дерт дендегенмен, ел ішінде жиын-той тыйылмай тұр. Өткен демалыс күндері құзырлы органдар үйлену тойлары мен бірнеше құдалықтың үстінен түсті.

X