Теріскейден тараған тұмаудан 870 мыңға жуық үй құсы қырылып қалған. Бұл елдегі қанаттылардың жалпы санының 2 процентіне тең. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді. Қазіргі таңда құс өлекселерін өрттеу және инфекция ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде екен. Осы ретте, ведомство басшысы республикалық бюджеттен қосымша тағы 3 млрд теңге бөлуді сұрап отыр. Министр аталған сомма шығынға әбден батқан шаруаларға өтемақы болып төленеді деп сендірді.
Теріскейде 870 мың үй құсы қырылды
Дата: 20.10.2020