14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

9 жыл бойы өлілер санатында екенін праймеризге тіркелгенде бір білген

Алматы облысында Алакөл ауданының тұрғыны 9 жыл бойы өлгендер санатында жүрген. Кенжебек Алпысбаев бұл туралы тек праймеризге қатысуға ниет білдіріп, үміткер ретінде тіркелгенде бір-ақ білген. Осылайша, ойламаған жерден қиын жағдайға тап болыпты. Өйткені, ол күні-бүгінге дейін ел қатарлы салық төлеп, тиісті органдарда құжаттарын рәсімдеп отырған. Сөйтсе бар гәп 2011 жылдан басталыпты. Сол жылы Кенжебек Алпысбаевтың анасы өмірден озып, ол қайтыс болу туралы куәлікке өтініш берген екен. Мамандар анасының орнына өтініш берушінің жеке сәйкестендіру кодын жазып жіберген.

X