Жеті ай бойы жабық жатқан кинотеатрлардың қызметі қайта жанданды. Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, бүгіннен бастап бизнестің бұл түрі «жасыл аймаққа» енген шаһарларда ғана ашылды. Тізімде Шығыс Қазақстан облысынан өзге өңірлердің бәрі бар. Дегенмен, бас қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысымен, астаналық кинотеатрлардың жұмыс істеуіне әзірге рұқсат жоқ. Жанна Пірәлиеваның сөзінше, екі аптада қаладағы эпидемиологиялық ахуал дұрысталса, бұл шешім өзгертулуі де мүмкін. Ал кинотеатрлар ашылған өңірлерде киносүйер қауымға әзірге тек отандық туындылар ұсынылуда
Кинотеатрлар ашылды
Дата: 26.10.2020