Алматыда автокөлік жөндейтін ангар өртке оранып онға жуық темір тұлпар тұтастай күлге айналды. Көлігінің ақауын дұрыстаймын деп келгендер енді оның өтемақысын кімнен аларын білмей дал. Өйткені, сақтандыру компаниялары мұндай жағдайда дәрменсіз екен. Ал, зардап шеккендер қожайынымен жолықпады.
Алматыда көлік жөндейтін орын өртенді
Дата: 27.10.2020