«КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
Сенбі
11:15
Өзі сұлу, өзі спортшы Лена (Александра Сизоненко) Приморсктің нағыз мақтанышы. Спорт саласында болашағы зор Лена тамаша жүзеді. Бала кезден ол Жекамен (Иван Соловьев) және Пашамен (Александр Крючков) дос. Жастар бір-біріне адал болуға серт берген болатын. Алайда бітіру кешінің алдында Ленаның жүрегін жаулау үшін өзара бәсекеге түскен жігіттер қызға сезімдерін білдірмекші болады. Біреуінің екіншісіне жол беруіне тура келеді. Алайда үлкен өмір достар армандағандай болмайды. Араға жеті жыл салып, Лена, Пашка мен Жека қайтадан өздері өскен қалада кездеседі. Және көп жыл бұрынғыдай Ленаға таңдау жасауға тура келеді. Алайда баяғы серт сыннан сүрінбей өте ме...
Шығарылған жылы: 2017
Шығарушы ел: Украина
Режиссер: Алина Чеботарёва







