Бала күтіміне байланысты берілетін жөргекпұлдың мерзімі ұзартыла ма? Көптің көкейінде жүрген сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді. Естеріңізде болса, осы жылдың басында аталған ведомство жәрдемақыны 1 жарым немесе 3 жасқа дейін ұзартуды ұсынып еді. Араға 11 ай салып, арна тілшілері мәселенің қалай өрбіп жатқанын сұрап-білді. Сонымен, ана мен баланы қорғаудың қатып қалған жүйесі өзгере ме? Әлде бастама сөз жүзінде қалды ма?
«Жөргекпұл бала 3-ке толғанше төленсін» деген ұсыныс не болды?
Дата: 02.11.2020