18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Алматы облысы: жаңа жедел жәрдем көліктері табыс етілді

Алматы облысындағы медициналық мекемелер жаңа жедел жәрдем автокөліктерімен толықты. Талдықорғанда 89 реанимобиль мен 12 жылжымалы кешеннің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Осылайша, автопарк 80 процентке жаңарып отыр. Жаңа көліктер толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жылжымалы медициналық кешендердің ішінде қажеттінің бәрі бар. Жалпы қабылдау, акушер-гинеколог, сәулелік диагностикалық кабинеттері мен дәріхана пункті де қарастырылған. Ең бастысы, рентген және ультрадыбыстық зерттеу аппараттары орнатылған. Мұндай жылжымалы медициналық кешендермен бірінші кезекте облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекендер қамтылмақ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ӨМІРЗАҚ НИЯЗБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бұл автобус  передвижной медицинский комплекстің ішінде күніне 400 адамға дейін қабылдайды. Мини поликлиника бұл. Ауыл-ауылды жерлерге, өңірлерге баратындай уже графигі дайын. Оның алдында өзімізде сондай 5 передвижной медицинский комплекс камаздың базасында болған. Қазіргі таңда он жеті бар».

Аймақ әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, өңір пандемияның екінші толқынына дайындықты барынша күшейткен. Ол үшін жергілікті бюджеттен 8 млрд теңге бөлініпті. Енді жыл соңына дейін аймаққа тағы 90-нан астам санитарлық автокөлік жеткізілмек. Осылайша, өңірдегі жедел жәрдем бригадалар саны 165-тен 205-ке дейін артқалы отыр.

X