18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Тұрғындар көпқабатты үй құрылысына қарсы

Естуші мемлекет деген қағидат қайда қалды?! Осындай ұранмен елорданың сол жағалауының бір топ тұрғыны тағы жиналды. Бас қосып, қолдарына рубор алып шығуына іргелеріне ірі компанияның құрылыс бастауы себеп болыпты. Олар мектеп сияқты әлеуметтік нысандар жетіспей жатқанда әкімдік ай қарап отыр ма деп ашулы. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мына бір топ азамат елорданың сол жағалауының қақ ортасында көпқабатты үйлердің салынуына қарсы. Осымен 7 рет жиналып отырған жайлары бар. Талаптары бір. Құрылыс тоқтатылсын!

Даудың басы қайдан шыққанын бірден айта кетейін.  Сол жағалаудағы осы аумақта ірі құрылыс компаниясы 24 қабатты оннан аса тұрғын үй салуды қолға алуы, тұрғындардың ашуына тиген. Елорданың Сығанақ пен Сауран көшелерінің айналасында үй онсыз да көп. Азаматтар жақын маңнан балаларымызды беретін мектеп таппай отырғанда әкімдіктің бұл қай сасқаны, дейді.

ОЛЖАС БИЛЯЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Мына жерде мектебіміз бар. Мектепте 4100 оқушы қазір. Проектный мощность мектептің 1200 оқушы. 3,5 есе көп. Одан мына 18 тұрғын үй болады. Ана жерде 14 тұрғын үй болады. Сонда мектепте бір класста 60 адам болады. Қазір 40 адам. Сонда 60 оқушы деген үлкен проблема.  Болашағымызды ойлауымыз керек».

Шенеуніктер мен министрлердің фотоларын қолдарына алып, мәселелерін шеше алмай жүрген азаматтардың жиналыс өткізіп жүргендеріне біраз болған. Бірақ, өкпелі жұрттың алдына мына мырзалардың бірі де келмепті.

АЛТЫН ҚАЛИМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Сала берсін үйді, бірақ қарауы керек. Қай жерге салу керек. Балалар қайда барады. Не балабақша жоқ, не мектеп жоқ! Бұл жерге өзіміз бір нәрсе саламыз ба? Бізге жердің қажеті жоқ, балалардың қамын ойлау керек. Осы балалар ертең оқымай шығады. Дворларға қарасаңыз балалар баратын жер жоқ».

Қарақұрым халықтың топтасуы полиция қызметкерлерінің көзіне түсіп, әкімдік өкілдерін де елеңдеткенге ұқсайды. Шаһар басшысының орынбасары келіп жетті.

«Ну и молодец! Вы все время догоняете! Ну и молодец я еще раз говорю! Нужно не догонять а опережать! Хорошо! Хорошо!

Нұрлан Нұркенов жиналған жұртқа сұрауларыңыз орындалды дегенді жеткізе алмай қызылкеңірдек болды. Қала әкімі Алтай Көлгінов құрылыс жоспарына өзгеріс енгізген екен. Қалғанын өзі айтсын.

НҰРЛАН НҰРКЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Әкімнің тапсырмасы бойынша осы аумақта жоспарға түзетулер енгізілді. Осыған сәйкес көпқабатты үйлерден бөлек, 900 орынға арналған мектепте те салынады. Мемлекеттік мектеп бой көтергеннен кейін қалалық білім басқармасына беріледі. Тұрғындар осы аумақта оқушылар сарайы салынса деп талап етті. Сол жалағауда ондай нысан салынады. Оның қай жерде болатыны да анықталды. «Жағалау» ықшам ауданы деп отырмыз».

«Осылай келіп шырылдау керек пе? Мына кісілер собрание болады деген соң келдім. Өзім әзер жүрмін!».

Осы маңдағы 59 мектеппен байланысқа шықтық. Білім ордасы балалар бірнеше ауысыммен оқуға мәжбүр екенін растады, бірақ сұхбат беруден бас тартты. Осылайша бірнеше жиын өткізіп, бас көтерген азаматтардың бір тілегі орындалды.  900 орындық мектеп тұрғын үйлермен қатар бой көтереді. Алайда наразы топ мұнымен тоқтамақ емес. Бұл алаңқайға ірі компания үй салмауы керек, саябақ, балалар ойнайтын жерге айналуы тиіс деген арыздарын соңына дейін жеткізбек. Жұрт осылай ұлардай шулап жүргенде көпқабатты үйлердің құрылысы басталып кеткен.

X