Алматыда автобус екі адамды қағып кетті

Алматыда автобус екі адамды қағып кетті. Жол апатынан барлығы үш адам зардап шеккен. Оның бірі бес жасар қыз. Оқиға куәгерлері келіншектің бағдаршамның қызыл түсәне өткенін айтуда. Қазір бұл оқиғаның мән жайын жол сақшылары анықтауда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қоғамдық көліктің қатысуымен болған жөл көлік апаты 4 қазан күні кешкі сегіздер шамасында Абай даңғылының бойында болған. Автобусқа орнатылған бейнетіркеуіштегі видеодан бала жетектеген келіншектің жолға жүгіріп шыққанын көруге болады. Автопарк басшылығы жүргізуші қолынан келгенді істеген. Бірақ апаттың алдын алу мүмкін болмағанын айтады . Жүргізуші тежегішті бірден басқандықтан автобус ішіндегі жолаушылар бір бірінің үстіне құлаған. Жол көлік апаты салдарынан үш адам зардап шеккен..

РИЗАБЕК БИБӘКІРОВ, АВТОБУС ПАРКІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Автобус полосасы ашық болған. Сол жақ паласада полный затор болып тұрғанда жаяу жүргіншілер екі баласын ертіп бір келіншек машиналардың арасынан жүгіріп шыққан. Сонда водитель көре қалып тормоз басқанның өзінде поздно болған. Сол жерде екі бала соғылып қалды. Бірақ аман-есен, жарақат алды»

Жарақат алағандар жедел жәрдеммен ауруханаларға жеткізіліпті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше дәрігерлер 5 жасар қыздың миы шайқалып, бас-ми жарақатын алғанын анықтаған. Алайда ата-анасы баланы ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Жол-көлік апатының жай-жапсарын анықтаумен жол сақшылары айналысуда. Тиісті сараптамалар тағайындалыпты.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Автобус жүргізушісі екі жүргіншіні қағып кетті. Бұл 1983 жылы туылған азаматша және оның 5 жасар қызын. Алдын ала болжам бойынша бұл екі жүргінші жолды қызыл бағдаршамға өтпек болған. Қазіргі таңда бұл мәлімет толыққанды тексерілетін болады».

Егер сот-медициналық сараптама қортындысы дене жарақаттары орташа немесе ауыр деген қортынды шығаратын болса жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Жеңілж арақат алса әкімшілік жауапкершілікке тартылуы ықтимал. Сонымен қатар жаяу жүргіншінің де әрекеті сараланбақ. Ал егер келіншектің бағдаршамның қызыл түсіне өткені анықталатын болса ол да жауапқа тартылмақ.

X