18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Ақтөбеліктер пандемия кезінде автобусқа тиеліп мінуден шаршады

Автобус жоқ па, шыдаңыз! Ақтөбелік жастар қоғамдық көліктің проблемасына биліктің назарын аударту үшін фотосессия жасапты. Адам лық толы көлік, үнемі кешігіп жүретін автобус, ескірген қоғамдық транспорттың жанында тұрып суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерде жариялаған. Қолдарында «Вирус дейсіз бе, ол туралы естімеппіз!» «Күнде таксиге мінетін шамамыз жоқ!», «Кешіккеніміз үшін түсініктеме жазып шаршадық!» деген жазуы бар плакаттар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ӘМИНА СЕЙТІМОВА, ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ МҮШЕСІ: «320 автобус, ал Ақтөбеде 500 мың адам. ОРл деген өте аз. Картамен оплата жоқ, ол деген пандемия кезінде біз ақшаны қолма-қол берген кезде ол болмайды ғой?! Массовое скопление адамдарға рұқсат жоқ дейді, ал атобуста адамдар тығылысып-тығылысып тұрады.»

Бастамашы топ әкімдік ескі-құсқы автобустарға да назар аударуын сұрайды. Сыйымдылығы үлкен көліктердің саны сиреп кеткенін алға тартты. Қоғамдық көлік қатынасымен қалада екі мекеме айналысады. Бірі 31 бағытқа күніне 200 автобус шығарса, келесісі 19 бағытқа 110 көлік жібереді екен. Ал тұрғындардың қоғамдық көлікті не себепті сағаттап күткенін шенділер жол жөндеу жұмыстарымен байланыстырады.

ЖАЙЫҚ ҚОДАШ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ- КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: «Жолдарда күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қоғамдық көліктің аралық уақытты ұзап кетуіне себептің бірі болды. Індетке қарсы іс-шараларды дұрыс қолданбағаны үшін тасымалдаушыларға қатысты біз жоғары мекеме- көлікті бақылау инспекциясына хат жолдадық»

X