10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Пандемия кезінде жұмыс ауыстырудың қиындығы

Екі қолға бір күрек тауып беріңдерші! Электронды еңбек биржасына жұмыс іздеп кіріп, түйіндеме тастағандардың саны 120 мыңнан асқан. Жұмыспен қамту орталықтарының да табалдырығын тоздырып жүргендердің саны қаншама. Иә, пандемия кезеңі көптеген қызмет түрлерінің тірлігіне тұсау салып, кейбір кәсіп көздері тіптен жабылып қалды. Осы бір кезеңде жұмыс ауыстырудың артықшылығы мен кемшілігі қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Әйгерім Шакиева өнер саласы бойынша білім алған жас маман. Карантинге дейін ойын-сауық саласында еңбек етіпті. Қазір нарықта біліміңе сай жалақы да, жұмыс та табу қиын болып тұрғанын айтады.

ӘЙГЕРІМ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Сұраныс аз болды. Өйткені мен әлі күнге дейін жарты жыл болды жұмыс таба алмай жүрмін. Мен өнер саласында жұмыс істеймін. Өнер саласында таппай жүрмін жұмысты. Даяшы болып жұмыс істегім келмейді. Сай емес деп ойлаймын. Өйткені жұмыс уақыты қысқартылған соң, жалақы да қысқартылды».

Жұмыссыздықпен бетпе-бет келген тек Әйгерім емес. Төтенше жағдай жарияланғаннан бері, тек елордалық халықты жұмыспен қамту орталығының өзіне 24 мыңнан астам азамат жұмыс іздеп келген. Өткен жылға қарағанда сұрау салғандардың саны 23 пайызға артыпты.

АЛТЫНАЙ ҚОСЫБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ БАҚ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРДЫҢ КЕҢЕСШІСІ:
«Бүгінгі күні негізгі талап етіп отырған мамандар ол сауда-саттық, кассир, сатушы, жүргізуші, дәрігерлер, медбике, күзетшілер құрылыс жөніндегі мамандар, сварщиктер, монтажерлер, инженер-механиктер.Сол кісілерді бқл күні талап етіп тұр. Ол кісілерді жалақысы 802 мыңнан бастап әрі қарай жоғарылайды».

«Энерджипром» сарапшыларының зерттеуінше, нарықта жұмыс орнын таппай жүргендердің дені заңгерлер мен қаржы саласының мамандары екен. Осы ретте азаматтарды әңгімеге тартып, пандемия кезеңінде жұмыс табу мен ауыстырудың артық-кемшіліктері жайлы сұрап көрдік.

«Жұмыссыздар көп қазір. Жұмыс іздеп көрдім бірақ құрылыс саланынан басқасының бәрі, құрылыс қана істеп тұр. Қалғанының бәрі қазір тоқтап тұр».

«Карантинде көп сокрашение болды. Одан кейін есі дұрыс жұмыс таба алмай, жұмыс тапса оның айлығы аз. Жұмыссыз жүрген таныстарым көп қазір».

«Екі ай уақытында бізде магазин жабық болды. Сол себепті мен өзім жұмыссыз қалдым екі ай. Ондай таныстарым өте көп».

Қызметтің көзін іздеп, нәпаққа таппай жүргендердің дені Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Қостанай қалалары мен солтүстік өңірлердің тұрғындары. Әлеуметтанушы мамандар мұндай қиын- қыстау кезеңде барды бағалау керек дейді.

РАМАЗАН САТТАРҰЛЫ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:
«Пандемия кезінде көп халық жұмыссыз қалды. Жұмыс саны қысқарды. Жұмыс істеп жүргендердің саны, сағаты азайды. Көпшілігі қашықтан жұмыс істей бастады. Осындай кезде, менің ойымша, өте бір жалақы жағынан, әлеуметтік бонустар жағынан пайдасы болмаса жұмыс ауыстырудың ешқандай реті жоқ».

Осы кезеңде керісінше қызметтің кей түріне сұраныс артыпты. Мысалы, киберқауіпсіздік бағытындағы мамандарға сұраныс жоғарылап келеді. Жаңа кезеңге бейімделгісі келетін азаматтарға карантин кезеңінде табыстан қағылып қалмайтын салаларды іздеуіне тура келіп тұр.

X