Ақтөбеде жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақатынан 57 жастағы әйел тілге келместен, апат болған жерде көз жұмған. Тексеру кезінде марқұмның реттелмейтін жаяу жүргінші жолағымен өткені анықталды. Көлік жүргізуші келіншек қамауда. Жалпы, жыл басынан бері облыста тіркелген 164 жол-көлік апатына жаяу жүргіншілердің қатысы бар.11-і адам өлімімен аяқталып, 158-інде жаяу жүргіншілер жарақат алған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
ГҮЛМИРА ШИТАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Көлік жүргізушісі Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған дерек негізінде ҚР ҚК 345 бабы 3-тармағы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде».