3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Іргелес ғимараттың ковидтен емдейтін ауруханаға айналуына қарсы

Ковид жұқтырып аламыз ба деп қорқамыз? Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйдің жұрты осылай деп дабыл қағуда. Өйткені, дәл іргелеріндегі бұрын қонақ үй болған ғимаратты бейімдеп, қазір коронавирусқа арналған жаңа аурухана салып жатыр екен. Мұны, қаланың бас санитары тұрғындармен кездесу барысында растаған екен. Ал олар бұған қала йрұқсат берген? Ауа арқылы да таралатын ауру ошағының тым жақын жерде орналасқанына наразы жұрттың жанайқайы туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Здесь будет ковидный центр? Здесь будет. Теперь здесь полностью все это нетролизованно. Современный технологиями».

Қыркүйек айынан бері Медеу ауданының тұрғындары коронавирусқа қарсы салынып жатқан клиниканың құрылысын тоқтатуға тырысып бағуда. Алайда, әлі күнге дейін ешқандай нәтиже жоқ дейді. Тіпті, аудан әкімі мен қаланың бас санитары бірнеше рет келіп төбе көрсеткен екен. Бірде ковид орталығы салынатындығын айтса, енді бірде ПТР-тестке арналған клиника деп нақты жауап беруден бас тартып жүргенге ұқсайды. Алайда, шатырда орнатылған желдеткіштерді көрген көпшілік індетті емдейтін ғимарат екендігіне бек сенімді.

ГҮЛНӘР БАДЫҒАНОВА;  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Заңның бәрін нарушение жасап отыр ғой. «Красная линия» дейтін бар, правила вводо охранный зона дейтін бар, енді неше түрлі заңдар бар соның бәрін нарушать етіп бәрібір салып жатыр. Ойбай ковидный болмайды деді. Алдымен айтты: біреуі болады, біреуі болмайды деді. Одан кейін қайтадан айғайлап, шу басталғаннан кейін многопрофильның клиника болады. Только ПЦР-тест алады деді».

Тұрғындардың айтуынша, мұнда орнатылған желдеткіштер қазір тексеруден өткізіліп жатқанға ұқсайды. Дауысы қатты шығып түнімен мазамызды алады дейді. Сонымен қатар, бұған дейін көлемі үлкен оттегі баллоны да жеткізілген екен. Алайда, шу көтеріп оны алғызып тастағандарын жеткізді. Аялдамаға дейін жүретін жалғыз аяқ жолдың бойындағы клиниканың құрылысы тоқтасын дейді. Өйткені, маңайында демалуға арналған су арнасы мен жүрек ауруларына арналған клиника бар екен.

МАРГАРИТА САВИЦСКАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Өзеннің жанынан 500 метр жерге дейін ешқандай клиника салуға болмайды. Мұндай жерге Ковид орталығын салу тым шектен шыққандық. Қазір мұнда үлкен желдеткіштер жұмыс істеуде. Олардан шыққан зиянның барлығы ауаға таралып бізге жұғатын болады. Қазір айналаның барлығы қоқысқа толып кеткен. Еркін жүру мүмкін емес».

Президенттен бастап, прокуратураға дейін арыз жазған көпшілік бұл құрылысты не себепті тоқтатуға қауқарлары жетпей жатқандығын түсінбей дал. Маңай толы адам болғандықтан, енді сау жүріп індетке шалдығып қаламыз ба деп қауіптенуде. Өйткені, індет ауа арқылы таралғандықтан, мұнда қаланың барлық аймағынан науқастарды әкеледі деп секемденіп отыр. Ал, ақ жағалылар болса бұл құрылысқа ешқандай рұқсаттың берілмегендігін айтып, тиісті айыппұлдың да салынғандығын хабарлады.

МЕДЕТ РАБАЕВ, МЕДЕУ ЖӘНЕ ТҮРКІСІБ АУДАНДАРЫ БОЙЫНША ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Тексеріс нәтижесінде ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс заңнамасын бұзып, қайта жабдықтау жұмыстары жүргізгендігі анықталды. Атап айтатын болсақ, құрылыс жұмыстары авторлық, техникалық қадағалаушылардың қадағалауынсыз және де жобалық-сметалық құжаттарсыз және де құрылыс монтаждау жүргізілетіні жөнінде хабарламасыз жүргізілгені анықталды».

Сонымен қатар, ғимаратты жалға алған азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шаралар қолданылыпты. Бұдан бөлек, құрылыс жұмыстарын хабарламасыз салғаны үшін іс сотқа жіберілген екен. Біз бұл мәселе бойынша алдағы уақытта қалалық әкімшіліктің де ұсанымын білетін болаиыз. Ал үйлерінің іргесінен індетке арналған аурухананың бой көтеруіне наразы жұрт, енді мұны тоқтатса деген ойда.

X