Баламыз балабақшаға бармаса да, ақы төлеуге мәжбүрміз!

Балаларымыз бөбекжайға бармайды, бірақ ол үшін ақы төлеуге мәжбүрміз. Осылай деген Павлодарлықтар қалалық мектепке дейінгі мекеме жетекшілеріне шағымданды. Себебі, жиылған наразы топтың сөзінше, әр балаға бөбекжайдағы орнын сақтап қалу үшін 1 мың теңгеден талап етіп жатқан көрінеді. Ал, тұрғындардың перзенттері отбасылық жағдай немесе денсаулығына байланысты емес, пандемияның кесірінен үйлерінде отыр екен. Төртқабырғаға қамалған бөбектерге балабақшаларда ашылған кезекші топтардан орын бұйырмапты.

X