Алматыда жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншілерге арналған жерасты жолына түсіп кетті. Оқыс оқиғадан бес адам зардап шекті, оның үшеуі бала. Апат орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері бүлдіршіндерді дереу ауруханаға жеткізген. Олардың жағдайы қалай? Жол апатына не себеп? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
» Ужас, смотрите! Подземкадан келе жатсам…».
Жерасты жолында төңкеріліп жатқан көлік сол маңнан өтіп бара жатқандарға таңсық болғанын түсірілген видеолардан көруге болады. Бірі шошыса, өзгесі мұндай жағдайдың қалай болғанын біле алмай таңырқауда. Абырой болғанда, апаттан әрі-бері сабылып жатқан жұртқа зиян келмеген.
Жапонның жол талғамайтын көлігі отызға жуық баспалдақты секіріп, дәл осы жерге келіп құлаған. Қазір оқиға орнында қабырғаның қирағанын байқауға болады. Ал, жүргізушінің не себепті көліктің рөліне ие бола алмай қалғаны, алдағы уақытта белгілі болмақ».
Оқыс оқиға салдарынан көлік ішінде болған үш бала түрлі дене жарақаттарын алған. 5 жасар бүлдіршіннің бел омыртқасының бұлшық еттеріне зақым келсе, 6 жастағы
балақайдың маңдайы сырылып, көгеріп қалыпты. Ал, 10 жастағы жеткіншектің иығының сүйегі сынып, басы жараланып, миы шайқалған. Жүргізушісінің де денсаулығына зиян келген.
ДАУЛЕТ ЧУКМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Біздің ауруханаға 1979 жылғы туған азаматша мен зардап шеккен 1980 жылы туған әйел түсті. Жүргізушінің бел омыртқасы мен жамбас сүйектері зақымданған, жұмсақ тіндерінің соғылған. Ал жәбірленушінің кеудесі, иық буыны және мойын омыртқасы жарылған. Екі науқас та тұрғылықты жері бойынша емханалық амбулаториялық емделуге жіберілді».
Әзірге жол апатының нақты қалай болғаны белгісіз. Оның жай-жапсарын полицейлер анйқтап жатыр.
Айта кетерлігі, бұл Алматыда юболға, мұндай бірінші жол апаты емес. Осы жылдың қыркүйек айында такси жүргізушісі көлігінің қол тежегішіне қоюды ұмытып кетіп, темір тұлпар жерасты өткеліне кіріп кете жаздаған еді. Сондықтан да тәртіп сақшылары тізгіншілерді мұқият болуға, ал жерасты жолымен жүретін жұртты да абай болуға шақырады.