6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Қару-жарақ жасайтын астыртын цех табылды

Алматыда арнайы операция барасында астыртын цех әшкереленді. Онда қару жарақтың түр-түрін қайта жасаумен айналыс келген. Мамандар егер бүл жерді дер кезінде әшкерелемегенде талай қару қылмыс әлемінің қолына тиетін еді дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Астыртын цех осы «Атырау» шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінде орналасқан. Арнайы операция барысында екі адам қолға түскен. Полицияның мәліметі бойынша, олар қару-жарақты қайта жасаумен айналысыпты. Мамандардың пікірінше, цехтан табылған қарумен шағын жасақты басынан бақайшығына дейін қаруландыруға жетеді екен».

Астыртын цехтан табылған қару-жарақтың түрлері алуан түрлі. Тапаншаның түр-түрінен бастап, автомат, пулеметке дейін бар. Мамандар пулеметті қолодан жасау мүмкін емес, ал танапшаны шағын цехта жасауға болалы дейді. Ал оқ-дәрілер әзірленген қаруларды тексеру үшін қолданылуы мүмкін деп топшылауда. Егер дер кезінде әшкереленбегенде мұндағы талай қару қылмыс әлемінің қолына тиюі ықтимал екенні жоққа шығармайды.

СЕРГЕЙ КАТНОВ « ҚОРАМСАҚ» ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: «Сайы бар ұңғыманы әзірлеу күрделі, әрі қиын жұмыс. Ал тегіс ұңғыманы сайы бар қарудың оғына сәйкестендіру аса қиындық тудырмайды. Ол дәл тимесе де атылады. Сондықтан мұндай шеберхананың жолын кескен полицияны құрметтеу керек».

Астыртын шеберхананың қанша уақыттан бері жұмыс істеп келгені әзірге бергісіз. Ал шағын аудан тұрғындары қару-жарақ қоймасымен көрші болғандарынан да бейхабар болған. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде.

«Медеу ауданының екі тұрғыны қолға түсті. Олардың тұрғылықты жерін тексеру барысында алуан түрлі атыс қаруларының үлкен көлемі, оны қайта жасауға қажетті қосалқы бөлшектер мен оқ-дәрі табылды. Ол айғақтар қылмыстық іске тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесіне тіркелді».
БЕРІК ӘБІЛБЕКОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Күдіктілер қамауға алынып, шеберханадан тәркіленген қару жарақтар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілген. Сараптамадан кейін қарудан қайдан келгені нақты белгілі болмақ, Ал сарапшы мамандар қарулардың біраз бөлігі Ресейден жеткізілуі мүмкін екенін айтады. Себебі теріскейдегі көршімізде біздегідей  қарудың кейбір түрлерін
сатуға шектеу қойылмапты.

X