10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Құтқарушылар кәріз құдығынан жаңа туған күшіктерді шығарып алды

Елордалық құтқарушылар жаңа туған күшіктерді канализациялық шұңқұрдан алып шықты. Әлі көзін де ашпаған, бауырымен жорғалап жүрген күшіктердің ол жерде жатқаны жайында ақпарат жануарларды қорғау ұйымынан келіп түскен. Ал оларға бұл жайлы жергілікті тұрғындар хабарлапты. Сөйтсе, қаскүнемдер күшіктерді канализацияға тастап қана қоймай, металл қақпақты тас қылып жауып кеткен.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Посмотри там дальше есть еще? Двое лежат но они мертвые? А, двое мертвых? Трое».

Мамандар құдықты ашып көрген сәтте, онда сегіз күшіктің жатқанын байқаған. Өкінішке қарай, оның үшеуі өліп қалған екен. Қазіргі таңда мұндай айуандыққа кімдердің барғанын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

X