18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Мембағдарламамен алған үйдің құбырлары жарылып, су кетіп жатыр

«Іс бітті, қу кетті». Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үй жыл өтпей жатып-ақ сыр бере бастады. «Тұран» шағын ауданындағы тоғыз қабатты баспананың құбырлары әр жерінен бір тесіліп, су кетіп жатыр. Пластикалық құбырдан сыздап аққан су төмендегі пәтерлер мен подъезді бүлдіруде. Соның кесірінен, мердігер құбырларды қайта алмастыруға мәжбүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Су негізі жердің астынан полдан осылай келген. Осы жерде труба бір-біріне жалғанған. Енді жалғанған жері деформация кезінде клейленген жері ажыраған. Сонымен су бері қарай шыққан. Сөйтіп, оның астына магазинге түскен ғой, іші көл болып».

«Тұран» шағын ауданындағы мына үйден 2 бөлмелі пәтерді былтыр ғана алған Мағжан Тәшкенбайдың жыл өтпей жатып-ақ қуанышы су сепкендей басылды. Еденнің астымен жүргізілген пластикалық құбырдан су кетіп, жас отбасын әбден ауре-сарсаңға салған.

МАҒЖАН ТӘШКЕНБАЙ, 192-ШІ КВАРТАЛДАҒЫ №359/38-ШІ ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНЫ: «Қыста басталды ана жерде кухняда жарылды. Одан кейін оны істеттік. 2 күннен кейін істеді. Кеше мен уатсапқа видео салып жібердім, сыртқы труба жарылды. Оны 1 сағатта істеп кетті. Ал, былтыр жазда подвалда 3-4 жерінен жарылды. Каналазияция жарылды. Судың трубалары жарылды».

Тұрғын үйдің құрылысын жүргізген сәтте жұмысшылар бағасы арзан әрі сапасыз құбырды қалай болса солай жалғап кеткен дейді тұрғындар. Соның кесірінен әр жерінен су кетіп, жұрттың есін шығарып жатыр. Оны жамау үшін цемент құйылған әр бөлменің еденін қайтадан аршуға тура келеді. Өкініштісі сол, мұндай көрініс 72 пәтерлі су жаңа үйдің бәрінде кездеседі дейді тұрғындар.

«Мына жердегі труба атылып, үйдің бәрі патоп болды. Мына жаққа дейін кетіп қалды. Зал кетті».

Бұл жағдай бүгін болған екен. Тілшілер кетісімен пәтердің бірінің ас бөлмесінде құбырдан су ағып кеткен.  Құбыр жарығынан сыздап аққан судың ізі сарғайып қалған. Қабырғаның кейбір жері жарылғаны байқалады. Жарық жиі сөнеді. Лифті бұзылып, 15 күн дегенде кеше жөнделіпті. Осының бәрін көзбен көріп отырған біздер кей-кезде «құтты болсын» айтып келушілерден ұялатын халге жеттік дейді.

ДАНИЯР ЕЛТАЕВ, 192-ШІ КВАРТАЛДАҒЫ №359/38-ШІ ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Бірде істемеген лифтіден кірген қонағым мынандай ала-бұжақтарды көрсе не айтамын?. Жарылып жатқан құбырлар мен тамшылап жатқан суды көрсе не айтамын?. Әрине, ұят!. 2 жылдың ішінде осындай сыр беріп жатқан үйге 10 жылдан кейін мен айта алмаймын не болатынын».

Тұрғын үйдің кепілдік мерзімі 5 ай бұрын аяқталған екен. Бірақ, жиі-жиі тұрғындар тарапынан шағым түскендікте  бас мердігер оын тағы 2 жылға созыпты. Осы уақыт аралығында кем-кетіктерді түземек. Алдымен әрбір пәтердегі еденнің астымен жүргізілген пластикалық құбырларды енді үстімен тартуға мәжбүр.

ДАРХАН ҚАСЫМБАЕВ, БАС МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ: «Кемшілік субподрядчик жақтан кеткен. Кемшлік болғанда, жаңа айтып отырмыз ғой, қазір ешкімге де гарантия жоқ қой. Адамға да гарантия жоқ қой. Сол сияқты ғой. Оны істеп беріп жатырмыз біз».

Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында спорт және ойын алаңы жоқ. Жұрт кішкентай балаларын қайда ойнатарын білмей жүр. Жоба бойынша, мұнда ойын алаңының орны белгіленбеген көрінеді. Сол үшін тұрғындар әкімдіктен салып берулерін  талап етеміз деп отыр.

X