18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Мұз құрсауында қалған аққулар құтқарылды

Мұз құрсауында қалған жабайы аққулар құтқарылды. Оқиға Батыс Қазақстан облысына қарасты Жәнібек ауылында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құстар таңғы уақытта мұзға жабысып, қатып қалған екен. Олар мұзды ойып, аққуларға көмектеспек болғандарымен, судан шығара алмапты. Оқиға орнына келген төтенше жағдай қызметінің мамандары қанаттыларды аман алып қалды. Қазір аққулар жергілікті тұрғынның қорасында екен. Енді оларды көктемге дейін жылы орынға орналастыру мәселесі шешілетін болады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ЖАСҰЛАН ЖҰМАШЕВ, БҚО ТЖД БАСТЫҒЫ: «Енді мына біздерде инспекция бар ғой ауылшаруашылық министрлігінің сол инспекциясы жұмыстанып жатыр, оны қайда мында жібере ме. Орал қаласында да құстарды, аңдарды қарайтын жер бар ғой сонда жібере ме немесе сол Жәнібек ауылында халық енгізген көктемде қоныстайтын жеріне жібере ме. Сол шешімді инспекция мен әкімшілік бірлесіп шешеді».

X