10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Бір отар қойды тиеп қашып бара жатқандар ұсталды

Бөтеннің бір отар қойын жүк көлігіне тиеп алып қашып бара жатқан барымташылар ұсталды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Ұрлап бара жатсыңдар ма? Иә. А?Қанша бас мал бар? 37 ма 40-тай».

Полицейлер ұрыларды Алматы-Шелек-Қорғас тас жолында қолға түсірген. Егістік алқабында тұрып қалған машинаны байқаған тәртіп сақшылары оны тексеру барысында 40 бас қойды анықтаған. Күдіктілер оны Өрнек ауылының маңынан ұрлап, Алматыға апарып сатпақ болыпты. Болжам бойынша, жәбірленушіге екі миллионға жуық шығын келтіріліпті. Тәртіп сақшылары малды иесіне қайтарған. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сезіктілер 3-тен 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

X