14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Қызылордалық мейрамханалар тамақ өнеркәсібімен айналысып жатыр

Пандемиядан зардап шеккен кызылордалық кәсіпкерлер өз бизнестерін әртараптандырып жатыр. Өңірдегі 10  мейрамхана  қазір  тамақ өнеркәсібіне арналған  шикізат өңдеуге көшкен. Бұл жайында еліміздегі жалғыз әйел әкім Гүлшара Әбдіхалықова баяндады.  Коронавирустың кесірінен шаруалары  тұралап қалған  54 мыңнан астам  кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік беріліп,  9 мыңнан астам сауда орны  жалға беру ақысынан босатылыпты. Брифингте Байқоңыр қаласының да жағдайы айтылды. Қазір  шахардағы инфрструктуралардың дені Қазақстан тарапына берілген. Қалада  мың жарым отбасы  пәтер кезегінде тұр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ГҮЛШАРА ӘБДІХАЛЫҚОВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Келесі жылы Байқоңыр қаласында Қазақстан азаматтары үшін тұрғын үй салу жалғастырамыз. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 30 жылда алғаш рет 250 пәтерлік бес тұрғын үй салынды. Кезекте тұрған 1300-ден астам қазақстандықты ескере отырып, Байқоңыр қаласында тағы да елу пәтерлік 5 үйдің құрылысын 2021 жылы бастау туралы шешім қабылданды».

Ал Маңғыстау облысының әкімі Серікпай Трұмов өзінің орынбасары  Әлихан Қыраубаевтың кабинетінде тінту жұмыстары жүргізілгенін растады.  Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі шендіні өңірге бөлінетін арзан газды сыртқа сатқан болуы мүмкін деген күдікке ілген.  Мұндай тексеру жүргізуге аймақта орын алған газ  тапшылығы себеп болыпты.

СЕРІКБАЙ ТРҰМОВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Сұйытылған газды республика  бойынша  таратылуына  байланысты тексеру жұмыстары жүрген. Біздің өңірде комиссияны Қыраубаев басқарады,  өз қажеттілігіне  байланысты  құжаттарды  алғанын білемін. Тексеру жұмыстары энергетика  министрлігі  тарапынан жүріп жатыр, Қыраубаев бүгін жұмысында, өз міндетін атқарып жатыр».

X