18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Алматыдағы жаңа үй тұрғындары жиі жарық пен сусыз қалады

Сырты бүтін — іші түтін. Алматыдағы «Алма сити» кешенінің тұрғындары өздеріне берілген баспананы осылай атауда. Өйткені жарығы жиі сөніп, терезелерінен жел улеп тұратынын айтады. Құрылыс компаниясына айта-айта нәтиже шығара алмаған жұртшылық БАҚ өкілдерінен көмек сұрады. Мыңнан астам тұрғын сапасыз үйді алғандарына өкініп қалғандарын жеткізді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Алма Сити» тұрғын үй кешені бір жыл бұрын беріле бастапты. Алайда жұртшылықтың көптен күткен қуанышы су сепкендей басылған. Қабырғалары қақырап, есік-терезелері жабылмайды екен. Жаз бойы шаң-тозаңға көмілген тұрғындар пәтерде тоңып отырғандарын жеткізді. Жарық жиі сөнетіндіктен жылу да, су беру де бірден тоқтайды екен. Ол аздай су құбырлары сапасыз болғандықтан жиі жарылып, сусыз қалатындарын айтады. Кемшіліктерді басқарушы мекеме тұрғындардың есебінен қалыпқа келтірмек, дейді.

АЙЖАН АЛҒАДАЕВА, ТҰРҒЫН:
«Осы үйді алғанда жақсы үйде тұрамыз ба деп үміттенгенбіз. Мына үйді алғаннан бері проблемадан, проблема. Есігі жабылмайды, терезелерінен жел ұрған кезде жазды күні білінбеді. Сентябрде көшіп келдік, Қазір отыра алмаймыз. Үйде пима киіп отырған дұрыс па түсініңіздерші өздеріңіз».

ӘСЕЛ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, ТҰРҒЫН:
«Мен өз пәтеріме терезелерден қатты жел соққан кезде сол қызметкерлерін шақыртқан болатынмын. Сол кезде қызметкердің маған айтқаны ақшаларыңызды жинап беріңіздер біз сіздерге терезелеріңізге жылыту жүйесін жасап береміз деді. Бұл сіздерде жасалып жылу күйінде өткізу керек қой дегенде айтқандары мен ендеше жасамаймын деді».

Су құбырының жарылуы мұнда үйреншікті жағдай екен. Кіреберістегі батареялар бірінен соң бірі жарылып, жүртшылықтың мүлкі зардап шегуде. Ал басқарушы мекеме өкілдерін шақырып келтіре алмаймыз деп жұртшылық зар илеуде. Түн артасында шошып оянатын болдық, дейді.

Кешкісін жұртшылық жиналғанда төбе көрсетпеген құрылыс мекемесінің өкілдері бүгін пайда болыпты. Өздері салған үйлерінің кем-кетігін тұрғындардан естіп, өздері таңданды. Тіпті осы уақытқа дейін талай мәрте шағым айтқанын енді ғана біліпті.

СНХ БАУЫРЖАН ҚАСЫМОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
«Ол жарылғанды кеше біз көрдік. Ол жерде бір терезе ашық қалып кетіпті. Оны біздің управляющий компания стекло заказ беріп аламын дегенше қатып, батареяны жарып жіберген ғой. Содан ағып кеткен. Ол единичный случай».

Жауапты мекеме өкілі кем-кетіктерді жөнге келтірдік деп ақталғанымен оны тұрғындар жоққа шығарды. Тұрғын үй кешеніде тұратындардың басым бөлігі жастар екен. Әр қайсысында бір-екіден бала бар. Алдайда үйге кіріп шығудың өзі мұңға айналған.

«Құр жай көз бояушылық жасалған. Мынаған қараңыз бір дөңгелегін салса , мен мынамен жүруім керек па? Сырғанауым керек па?».

Алайда бұл пандустардың мақсаты бөлек екен.

«Пандусы сделаны для инвалидных колясек. Не для детских колясек».

Құрылыс компаниясының өкілдері су құбырының жиі жарылуын жабдықтаушы мекеме берген сапасыз құбырлардің кесірі деп түсіндірді. Қазір оларды сотқа беріп, өз қаржысына сатып алған жаңа құбырларды ауыстырып бермек. Сонымен қатар балалар алыңына да сапасыз қондырғылар орнатылғанын мойындады. Жабдықтаған мекеме алдап кетіпті. Жаңа жылға дейін барлығын ауыстырамыз деп сендіріп бақты. Бірақ әбден мезі болған жұртшылық оған аса илана қоймады.

X