Елордадағы сауда орталықтары сенбі күні жұмыс істейді

Елордадағы сауда-ойын сауық орталықтары сенбі күні де жұмыс істейді. Бас қала тұрғындарына сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін есіктерін айқара ашады. Бас санитардың қаулысына сәйкес, бүгін елордадағы нысандарда арнайы рейд жүргізілді. Тексеру барысында Нұр-Сұлтан қаласының сауда-ойын сауық орталықтары барлық сантитарлық талаптарға сай екені анықталды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

АРМАН ҚҰРБАНОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  БАСШЫСЫ:
«Егер белгілі бір нысанда санитарлық норма сақталмағаны анықталған жағдайда тиісті әкімшілік шара қолданады. Тіпті сол орталыққа сенбі күні жұмыс істеуге қайтадан тыйым салынуы мүмкін. Олар белгілі бір талаптарға сай жұмыс істеуі керек. Мәселен,  уақытылы ашылып, уақытылы жабылуы керек. Бір дүкенде орта есеппен 10 адамнан артық болмау керек. Тамақтанатын орындар мен  балалар ойнайтын алаң жұмыс істемейді».

X