Қарақат Башанова Junior Eurovision байқауында 2-ші орын алды

Халықаралық Junior Eurovision байқауында еліміздің намысын қорғаған Қарақат Башанова 2-ші орын алды. 12 мемлекеттің дарабозы бақ сынаған конкурста отандасымыздың жұлдызы жанды. Көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде Қарақат 152 ұпай жинаған. Миллиондаған көрермен онлайн тамашалаған әннің әуезі өзгелерден ерекше. Қарақат бес жыл бұрын дүниеден озған әкесіне деген сағынышты осы шығармамен жеткізбекші болған.

X