Қызылорда облысындағы кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы көз жұмды. Оқыс оқиға Сырдария ауданының аумағындағы «Бектас-Қоңыс» кен орнында болды. Қызыл жалын жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақхананың 1200 шаршы метрін тып-типыл еткен. Аумақта 100 контейнердің 48-і өртке оранған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы жұмыс жасады. Жатақханада барлығы отыз жұмысшы болғаны анықталды. Оның 27-сі өрттен 19 шақырым қашықтықта орналасқан асханаға орналастырылды.
Кен орнынан өрт шығып, үш жұмысшы көз жұмды
Дата: 02.12.2020