14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Ұлының еміне деген 4 млн теңгесін жоғалтқан азаматқа ақшасы қайтарылды

Қайтқан қаржыда қайыр бар. Полицейлер бақандай 4 млн теңгесін вагонда ұмытып кетіп, жер сипап қалған адамға ақшасын қайтарып берді. Пойыздан Маңғыстау стансасында түсіп қалған ер адам қомақты ақша салынған сөмкесінің жоқ екенін діттеген жеріне жеткен соң бір-ақ байқапты. Іле-шала тәртіп сақшыларына хабарласады. Көліктегі желілік полиция қызметкерлері сол вагондағы жолаушылардың бәріне хабарласып, бөтен сөмкені алып кеткен адамды ақыры тауып алған. Ол адам сөмкелерді шатастырып алса керек. Осылайша, араға 5 күн салып, миллиондар иесіне қайтарылды. Алғысын жаудырған сөмке иесі ақшаның бір бөлігіне Ақтаудан баспана сатып алу жоспарлаған, ал қалғанын ауыр дертке шалдыққан ұлын емдеуге жұмсамақ екен

X