0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Жол салмаса да, жол талғамайтын көлік алатын әкімдер бар

Жол салмаса да, жол талғамайтын көлік алады.  Әкімдердің бюджет қаржысын қайда жұмсайтыны белгілі болды.  Қоғамдық үйымның жүргізген тәуелсіз зерттеуіне сәйкес,  атқамінерлер әуелі  қызметкерлерінің жалақысы мен қызметтік көліктеріне шығындалады екен. Ал содан артылып қалған ақшаны жол, су, аурухана салуға жұмсайды.  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елге белгілі қоғамдық ұйымдардың бірі арнайы зерттеу жүргізіпті.  Өңір-өңірдегі ауыл әкімдерінің қазына қаржысын қайда жұмсайтындарын анықтаған.

Ауыл әкімдері әуелі қол астындағы қызметкерлерінің айлығына,  қызметтік автокөлігіне, әкімшілік ғимаратының жөндеу жұмыстарына шығындалады екен.  Ал  өңірдегі жұмыссыздардың санын азайту, жол, су, әлеуметтік, медициналық көмек сынды салаға жергілікті бюджеттің ең аз бөлігі жұмсалады.

Алайда ысыраптың көкесін, мемлекеттік сатып алу сайтынан көресің. Сондағы сандарға сенсек, Маңғыстау облысының әкімі келер жылға қызметтік көлігін  40 млн теңгеге жалдамақшы.  Таңғалдырудан бас қала да жалықпайды.  Елордадағы Алматы ауданының әкімдігі мұз қалашығын салуға  80 млн теңгесін санап отыр.

ДОС КӨШІМ, САЯСАТКЕР
«Індет кезінде бәрімізде белгілі бір қанағат болуы керек. Ақшаны үнемдеп жұмсайтын кезге келуіміз керек. Бұл әсіресе билікке қатысты»

Осы ретте, саясаттың жілігін шағып, майын ішкендер мұнда  бармақ басты, көз қысты әрекеттердің бары анық, дейді.

ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ,  САЯСАТТАНУШЫ
«Пәрменді экономикада есепсіз шығын болмайды. +0204 Сондықтан құқық қорғау органдары мекемелері кейбір мемлекеттік субъектілерді қайта тексеріп, оларға ++ ысырапты айтып, жемқорлық фактілерін анықтау керек»

Алайда әкімдердің бәрін жемқор я қазна қаржысын оңды-солды жаратады деуден аулақпыз. Адалы да бар.  Мәселен, Ақтөбе облысындағы  Талдысай ауылының әкімі бюджеттің көк тиынын да сұратпай, өңірге 4g байланыс желісін орнатқаны белгілі.  Әкім бол, халқына жақын бол деген осы шығар.

X