10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Жоғалған жылқысын іздеуге шыққан малшы үсіп кете жаздады

Жоғалған жылқысын іздеуге шығып, аязда адасып кеткен малшы үсіп қала жаздады. Сәтін салғанда полицейлер оны дер кезінде құтқарған. Белгілісі мал іздеп, ауылдан алыстап кеткен азамат бағдардан айырылып қайтар жолды таппай қалыпты. Астындағы тұлпары жүрмей, әбден тоңып қалған ер адамды тәртіп сақшылары түнгі он бірлер шамасында Шымкент тас жолының бойындағы Түркістан ауылдық учаскесі маңынан тапқан. Полиция қызметкерлері ер адамды үйіне жеткізген. Ал келесі күні тәртіп сақшылары оның бір күн бұрын жоғалған жылқысын іздеп тауып, иесіне қайтарған. Жамбыл облысының тұрғындары заң өкілдеріне ризашылықтарын білдірді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

АҚМАРҚА ЖАНБАЕВА, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Азанда жылқы іздеп кеткен жолдасымды жоғалтуыма байланысты 102-ге хабарласып, шұғыл түрде олардың іздестіру барысында тауып алып келді кешкі тұрым. Шын жүректен Жамбыл облысының ішкі істер бастығына және Сарысу ауданының ішкі істер бастығына шын жүректен рахметімді айтамын».

X