10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Қарағанды: хайуанаттар бағы емес, түрме сияқты

Хайуанаттар түрмесі! Қарағандылықтар қаладағы ең үлкен зообаққа осындай лақап ат қойған екен.  Осыдан үш жыл бұрын төбесі ортасынан опырылып,  апатты күйге түскен бақты күрделі жөндеуге  бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген еді. Сөйтіп құжат бойынша құрылысы биыл бітуі тиіс болатын. Алайда аң-құс біткеннің түр-түрі мекен еткен хайуанаттар бағы ашылмай жатып,  жұртың ашуына тиіп жатыр. Неге? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Тарихы ғасырға жуықтаған қарағандылық хайуанаттар бағын білмейтіндер кемде-кем шығар. Әсіресе, балалар жақсы көреді. Мұнда аң-құс біткеннің бәрі бар.  Тек, ғимараты апатты күйде болған соң, үш жыл бұрын   күрделі жөндеуі басталады.   Үкімет тиісті қаржы бөледі, мердігер компания қызметіне кіріседі. Сөйтіп,  биыл құрылысы аяқталуы тиіс еді, тек…

ЕРБОЛ БАЙЖАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ХАЙУАНАТТАР БАҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  :
«Ішіне кіріп қарасақ, бізде терезесі жоқ. Аңдарды бір тордан екіншісіне өткізетін торлар істелінбеген. Сосын екінші этаждарда арнайы бассейн болуы керектін. Ол да жоқ. Суда жүзетін құстарға бассейн дұрыс салынбаған»

Қысқасы,  зообақтың құрылысы  ұтылыс. Жарығы жоқ, суы жоқ, жануарлар қайып күн көрер?  Оны ешкім ойламаған тәрізді. Енді, жауаптылар  аң-таң күйде.  Әзірге жөндеу жұмыстары толығымен тоқтатылған.

ИННА РАДЧЕНКО, ЗООҚОРҒАУШЫ:
«Бұл ең көне  және ең үлкен зообағы бар Қарағанды үшін мазақпен тең. Бұл хайуанаттар бағы емес, жануарларға арналған түрме іспеттес.  Әуелде құрылыс басталмай жатып,   құжат бойынша бәрі дұрыс болған еді.   Ал енді жөндеуді қайта жүргізу керек сияқты»

Қалалық мәдениет басқармасының жанынан құрылған арнайы комиссия да әлі нақты шешімге келмеді. Ескі ғимарат тағы бір жөндеуге шыдас бере ме, жоқ па, әлде жаңасын салу керек пе, ол жағы белгісіз. Анығы, қазіргі нысан жарамсыз. Яғни, бюджеттен бөлінген миллиард теңге көкке ұшты.

ЕРБОЛ БАЙЖАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ХАЙУАНАТТАР БАҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Енді болашақта шешіледі деген ойдамыз. Біз өте қуаныштымыз. Осындай үлкен бізге Хайуанаттар бағын салғаны үшін. Үкіметтің осылай ақша бөліп, жануарларға көмек беріп жатқаны үшін. Бұл әрине, Үкіметтің болашаққа даму үрдісі деп ойлаймыз.  Бірақ осындай келеңсіз жағдай түзеледі деген ойлаймыз»

Ал бұл енді  уақыт еншісінде.

X