Елімізде тұп-тура бір айдан кейін өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына барлық саяси партияларды тіркеу науқаны аяқталды. Бүгіннне бастап үміткерлер ресми түрде үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі. Айта кетейін, додаға 5 партия түсіп жатыр. Олардағы партиялық тізім бойынша депутаттыққа үміткер ретінде 312 кандидат тіркелген. Ал, Орталық сайлау комиссиясында бюллетендерде партиялардың орналасу ретін анықтау үшін жеребе тарту рәсімі өтті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
10 қаңтарда өтетін Мәжіліс барлығы 312 кандидат тіркелді. Ал, сайлауға қатысуға 5 саяси партия жіберілді. Оның ішінде
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАҒЫНА ҮМІТКЕР РЕТІНДЕ ТІРКЕЛДІ
«Ауыл» партиясынан — 19 кандидат
«Nur Otan» партиясынан — 126 кандидат
«Адал» партиясынан — 16
«Ақ жол» партиясынан — 38
«Қазақстан Халық партиясынан» — 113 кандидат
Саяси додаға жіберілген партиялар Орталық сайлау комиссиясының есеп-шотына әр тіркелген кандидатына ең төменгі айлық мөлшерінің 15 еселенген сомасын төлейді. Ал, мұндай төлемнен бұған дейінгі сайлауда дауыс берушілердің 7 немесе одан да көп пайыз дауысын жинаған партиялар босатылады. Сайлау ақысын «Ауыл» және «Адал» партиялары төлеген.
КОНСТАНТИН ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Конституцияда сайлауға қатысты заңнама бойынша саяси партияларды тізімін тіркеу бүгін кешкі 18.00-де аяқталады. Саяси партияларды тіркеу бойынша барлық қажетті жұмыстарды орталық сайлау комиссиясы аяқтады. Кешкі 18.00 ден бастап партиялардың сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары басталады».
Сондай-ақ, ереже бойынша бекітілген партия тізімінде әйелдер мен 29 жасқа толмағандардың үлес салмағы кандидаттардың 30%-ын құрауы тиіс. Орталық сайлау комиссиясының өкілдері тіркелген партиялар айтылған талаптарға толық сай келетінін мәлімдеді.
КОНСТАНТИН ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Партия тізіміне 90 әйел, 222 ер азамат енген. 29 жасқа дейінгі 19 үміткер бар. Ең жас кандидат 1995 жылғы, ал ең үлкені 1950 жылғы. Үміткерлердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды. Сайлауға қатысатын партиялар тізімінің арасында 6 шақырылымның 34 депутаты да бар. 12 ұлттың өкілі тіркелді».
Электронды бірыңғай тізімгі сәйкес елімізде 11 млн 919 241 дауыс беруші тіркелген. Осыны ескерген Орталық сайлау комиссиясы дауыс берушілердің тізімінен 1%-ға артық бюллетеньге тапсырыс беріпті. Жалпы, шығарылатын дауыс беру құжатының саны 12 млн 038 433 бюллетеньді құраған.
СӘБИЛА МҰСТАФИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
«Сайлау бюллетенінде саяси партиялардың орналасу реті келесідей. Бірінші «Қазақстан Халық партиясы», екінші «Nur Otan» партиясы, үшінші «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, төртінші «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы және бесінші нөмірде «Adal» саяси партиясы».
Бүгінгі орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің жиынында саяси дода барысына көпшілікке жариялайтын БАҚ өкілдері мен Блогерлер жөнінде сөз болды. Сайлау барысын түсіруге тек тілшілерге ғана рұқсат. Ал, блогерлер әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, фото-видеоларды рұқсатсыз жариялауға құқығы жоқ, — дейді жауаптылар. Заң бұзушылықтарды суретке түсіру бақылаушылардың жұмысы екен.
СЕРІК СЫДЫҚОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Суретке түсіру видеозапись дейді ғой. Оны жасауға байқаушыларға мүмкіншілік берілген. Бірақ, түсірілген материалдарды оны тек қана сайлау процесінде жіберілген кемшіліктерді бекіту үшін оны ары қарай тиісті мемлекеттік органның қаралуына сол іс әрекеттерге баға беретін мемлекеттік органдардың қаралуына жіберілген кезде дәлелдеме ретінде пайдалану үшін.»
Дәл осы сәттен бастап сайлауға жіберілген саяси партиялардың барлығы еліміздің түкпір-түкпірінде үгіт насихат жұмыстарын жүргізуге құқылы. Сайлаушыларды тарту жұмыстары 9 қаңтар күнгі түнгі сағат 12 ге дейін жалғасады. Ал, 9 қаңтар тыныштық күні. Ол уақытта қандай да бір белсенділік танытуға тыйым салынған.