10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Зағип жандардың жанайқайы

Талдықорғандық зағиптар құдды бір кеңестік кезеңде өмір сүріп жатқандай. Қажет болса, бірлестікке барып, кино түсіруге де болады. Өйткені, 60-жылдары салынған ғимараттары әбден ескіріп, тозығы жеткен. Ішкі жабдықтарының көбі сол өткен ғасырдан қалған дүниелер. Жалғыз табыс көзіне айналған тігін және жиһаз цехы да бәсекеге қабілетсіз. Тапқан табысы еңбекақы мен шикізат көзінен аспайтын көрінеді. Шынтуайтына келгенде қоғамдық бірлестік дәл қазір мүшкіл халде отыр. Ғимаратты жөндеп беруге көмектесулерін сұрап әкімдікке талай барғандарын айтады. Бірақ, жергілікті билік тек зағиптардың әлеуметтік жағдайына ғана жауапты екенін жеткізіп, еш көмектесе алмайтындарын алға тартқан.

X