«Қысым көрдім, қорландым!» Қызылорда облысында қос судьяның арасында туындаған қызметтік жанжал күннен-күнге ушығып барады. Шиелі аудандық сотының судьясы Гүлнұр Құрманбай басшысына қатысты әртүрлі іс әрекеттер жайында ашық әңгімелеп берді. Оның сөзінше, аудандық сот төрағасы Марат Күздеубаев жалғыз басты әйелге «төсектес» болуға ұсыныс білдіріп, болмаған соң, өмірін тозаққа айналдырып жатқан көрінеді. Осы күні қазылар арасындағы текетірес Жоғарғы сотқа дейін жеткен.
Төсектес болуды ұсынды: Қызылорда облысындағы қос судья арасындағы дау
Дата: 11.12.2020







