18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Семейлік автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды

Семейде автобус жүргізушілері тағы өре түрегеліп, жұмысқа шықпай қойды Қыстың көзі қырауда мінез көрсеткен олар мұндай қадамға амалсыздан бардық деп отыр. Себебі, екі айдан бері жалақы көрмей, зар илеп жүр екен. «Бала-шағымызды қайтіп бағамыз» деген жүргізушілер қала мен автопарк басшылығынан мәселені тез арада шешуді талап етті. Ал, биыл тамыз айында Еңбек кодексіне қайшы 72 факті анықталса да, олқылықтар әлі күнге реттелмепті.

X