Ал, Түркістан облысында қарапайым тұрғындарды сан соқтырып келген алаяқ ұсталды. Ол жұрттың сеніміне кіріп, жерге мұқтаж азаматтардың әр бірінен 300 және 400 мың теңгеден ақша алып отырған. Мәселен, Кентау қалалық полиция бөліміне шағымданған жергілікті тұрғынның сөзінше, 15 соттық 4 жер телімі үшін алаяққа 1 млн 800 мың теңге беріпті. Бірақ, бірнеше ай өтсе де, уәде еткен жер телімі не ақшасын қайтарып ала алмаған. Осылайша, 3.5 млн теңгеге ауылдастарын тақырға отырғызып кеткен.
Ауылдастарын жер алып берем деп, 3,5 млн теңгеге тақырға отырғызған
Дата: 22.12.2020