10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Партиялардың үгіт-насихаты жалғасуда

Елімізде 11,9 млн қазақстандық дауыс беруге құқылы. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді. Кез-келген азамат, өзінің қай сайлау учаскесінде тіркелгенін тексере алады. Ал, кеше сайлауға жіберілген 5 саяси партия белсенділерінің арасында алғашқы теледебат өтті. Пікірсайысқа қатысқан кандидаттар өздерінің бағдарламаларын ортаға салып, бір-бірінің кемшіліктерін атады. Айта кетейін, партиялардың үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Кандидаттар еліміздің түкпір-түкпірінде белсенділік көрсетуде. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Қазақстан Халық партиясының» белсенділері еліміздің Шығыс өңірін аралап жүр. Жамбыл Ахметбеков бастаған саяси ұйым мүшелері Өскемен жастарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Мәжіліс пен мәслихат мандатынан үміттілер, жоғары білім барлығына тегін болуы қажет дейді. Сонымен қатар, партия жастарды тұрғын үймен қамту мәселесін де шешпекші.

ЖАМБЫЛ АХМЕТБЕКОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ» МҮШЕСІ:
«Оның ішінде жоғары білім алу саласын ақысыз қылдыру. Екінші мәселе көтеріліп отырған, бұл жерде тұрғын үй мәселесі. Қазіргі кездегі біздің экономикамызға жастардың қосу үлесінің өте аздығы, олардың жұмыссыздықтары. Олардың білім алғаннан кейінгі, жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейінгі шетелге ауысып, шетелге барып қызмет атқаруы».

Ал, «NUROTAN» белсенділері республикамыздың батысында жүр. Ақтау өңірінің халқымен кездескен Бауыржан Байбек саяси ұйымның алдағы науқанға дайындаған бағдарламаларымен таныстырды. Партия мүшелері алдағы уақытта 35 мың тұрғынды таза ауыз сумен қамтамасыз етіп, үш ауысымды мектеп мәселесін шешеміз, — дейді.

БАУЫРЖАН БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Мен осы ауылдың негізгі мәселесі аурухана керек деп соны айтып жатырмын. Сондықтан, біз партия тарапынан қандай уәде береміз? 150 орындық мына жерде аурухана салынады. Сосын мына жерде көптеп жол салынады. Жол мәселесі әлі де өте маңызды».

Ауылды қолдайық деп белсеніп жүрген «Ауыл» партиясының мүшелері де шалғайдағы елдімекен тұрғындарымен кездесті. Бұл жолы кандидаттар Ақмола облысының шаруаларының көкейтесті сауалдарына жауап беріп, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Саяси ұйым белсенділері агроөнеркәсіпті дамыту қажет, — дейді.

НИКОЛАЙ АРСЮТИН, «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Еліміздегі агроөнеркәсіп кешендеріне демеу болатын кез келді. Олардың аяқтан тұрып, саланы дамытуға көмек көрсету қажет. Біздің шалғайдағы ауыл-аймақ тұрғындары да еңбек етіп, кәсіп бастаулары тиіс. Бұл да жаппай ауыл халқының қалаға қарай көшуін тежейді деп есептеймін. Урбанизацияны деңгейін қалыпқа келтіретіні анық».

«AQ JOL» партиясының мүшелері Қарағанды қаласының тұрғындарымен кездесті. Шағын және орта бизнес өкілдерімен бас қосқан саяси ұйым белсенділері өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын тыңдаған ақжолдықтар нақты көмектер берілу қажеттігін айтты.

СҰЛТАН ХАН АҚҚҰЛЫ, «AQ JOL» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Мына мемлекет Үкімет тарапынан кәсіпкерлікті, Отандық тауар өндірушіні қолдау туралы неше түрлі бағдарламалар болуы мүмкін. Бағдарламалар бар. Бірақ, олар шағын кәсіпкерліктің өзіне тікелей жетіп жатқан жоқ. Кәсіпорынды кеңейту үшін, сол ауыл-аймақтың тұрғындарын жұмыспен қамту үшін шағын кәсіпорынның басшысы + 01:25 жатақхана салмақшы. Неге Үкімет тарапынан осыған қолдау көрсетпеске?».

Ал, мәжіліс мандатынан үмітті «ADAL» партиясының белсенділері Атырау халқымен кездесті. Саяси ұйым мүшелері жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ал, баспана алу бойынша халыққа кеңес беріп жүрген, партия мүшесі Дәулет Мұқаев, тұрғындарға жеңіл болу үшін еліміздегі екі бірдей тұрғын үй бағдарламаларын біріктіру қажет, — дейді.

ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ, «ADAL» САЯСИ ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Баспана Хит» пен «7-20-25» екеуін біріктіріп, халыққа оңтайлы 6% ипотеканы ұсынғымыз келеді. Себебі, Үкімет сол 5% субсидиясын жасай береді. Ал, 6-ға 5-ті қоссаң 11% сол «Баспана Хиттің» деңгейі болып тұра береді».

Еске сала кетейін, 10 қаңтарға жоспарланған саяси науқанға барлығы 5 партия қатысады. Қазір Мәжіліске 400, Мәслихатқа 88 кандидат тіркелген.

X