10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Жаза: 8 жасар қызды анасы жалаңаш күйде аязға қуып шықты

Тым қатаң жаза! Сегіз жастағы қызын сақылдаған аязда жартылай жалаңаш далаға шығарып жіберген қатігез ананың әрекеті кешелі-бері қоғамды дүр сілкінтті. Адам шошырлық әрекет елордада тіркелді. Келіншек баласын жазалау үшін түн жарымында үйден қуыпты. Абырой болғанда жеткіншекті көршілері көріп қалған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елорданың оң жағалауындағы дәл осы аядай ғана бөлмеде 4 бала ата-анасымен тұрып жатыр. Осыдан 3-4 күн бұрын өз перзентін жазаламақ болған ана, қызын түн ортасында далаға қуып шыққан. 8 жастағы балақай дәл мына жерде 10 минуттай жылап отырыпты. Бірақ, түн ортасында жылаған қыздың дауысын естіген көршісі дереу көмекке ұмтылған. Ал, бұл жағдайға ананың не үшін барғаны белгісіз».

Бауыр еті баласын далаға қуып шыққан қатыгез ана туралы алғаш рет әлеуметтік желілердің бірінде жарияланды. Бұл фотосуреттен қыстың көзі қырауда далада жылап отырған қаршадай қызды көруге болады. Тіпті, кей күндері дәлізге де ұйықтауға мәжбүрлепті. Ал, бұл жағдайға бей-жай қарай алмаған көршісі құзырлы органдарға хабарлаған көрінеді.

АИДА ЖАКЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Бұл отбасымен көрші болып тұрып жатқанымызға 6-7 ай болып қалды. Мен бұған дейін балаларын ұрып-соққанын көріп, естіп жүрдім. Анасының тәрбиелеу әдісі солай шығар деп мән бермедім. Бірақ, соңғы оқиғаны көріп жағамды ұстадым. Қыстың суығында қалайша өз перзентін далаға қуып шығады? Бірнеше рет ескерттім де көршіме. Құлақ аспады. Балалардың денсаулығына алаңдаған соң, полиция шақырдым».

Қатыгез әрекетке барған әйелмен де тілдесудің сәті түсті. 35 жастағы ана өзінің ашуға берілгенін, бұл әрекетіне өкінетінін мәлімдеді. Дау-дамай жоғалған кір қыстырғыштан басталыпты.

АЙЖАН, ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ:

«Какой та секундқа, какой та секунд әншейін шықты. Мен қайтып кіргізіп алдым. Мама ол осылай осылай ұлымның сумкасында тұр екен. Жаурап қалған шығарсың деп аяғына қойдың майын жағып, сөйтіп оны төсекке жатқыздым. Содан түнде бір уақытта мент келді. Солай солай болып кетті. Мен оны әдейі істеген жоқпын. Өкінемін мен. Мен далаға ашумен шығардым. Какой та секундқа. Соның өзінде денсаулығын ойлап тұрмын. Ол да келешек ана».

Қызын далаға қуып шыққан отбасының 4 перзенті бар. Үлкені шамамен 10 жаста, ал ең кенжесі 3-ке толыпты. Анасы мен әкесі таңертеңнен қара кешке дейін жұмыста екен. Көп уақытта балаларға көршісі бас-көз болатын көрінеді. Ал, қамқорлық бөлімінің мамандары қатыгез ана заң бойынша жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

ГҮЛІМ ЖҮСІПОВА, ҚАЛАЛЫҚ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРҒАНШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Мекенжайға барып отбасымен жұмыс жасап, қазіргі кезде отбасы полицияға есепке қойылды. Және полицияда осы жағдай тіркеліп қазіргі кезде олар тексеру жүргізіп жатыр. Содан кейін, құжаттың барлығы сотқа жолданады. Заң бойынша ата-аналары жауапқа тартылады».

Ал, тәртіп сақшыларының сөзінше, өз қызын жазалаған отбасы арнайы есепке алыныпты. Баланың ата-анасымен мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр екен.

НЭЛЛЯ ДОЩАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫ:
«Бұл отбасы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің профилактикалық есебіне қойылды. Қазіргі уақытта заңды өкіліне қатысты обьективтік шешім қабылдау үшін тексеру жұмыстары жүргізілуде».

Соңғы уақытта ересектерден жәбір көрген балақайлар азаймай тұр. Мәселен, күні кеше Ақмола облысы Щучье қаласындағы мектепке дейінгі мекемелердің біріндегі тәрбиешінің заңсыз әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған. Қазір, бүлдіршінге қол көтерген қызметкер жұмысынан қуылып, үстінен қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін екен.

ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Бұл деректер расталды. Щучье қаласында орналасқан шағын балабақша іспеттес орталықта болған оқиға. Тәрбиешілердің заңсыз әрекеті мектепке дейінгі мекемелерде орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір, арнайы комиссия құрылды. Екі тәрбиеші жұмыстан босатылды. Қылмыстық жазаға тарту жағы да қарастырылып жатыр».

Ювеналды полиция өкілдерінің дерегінше елімізде жыл сайын мыңға жуық ерлі-зайыпты ата-аналық құқығынан айырылады екен. Олардың басым көпшілігі ішімдікке салыну мен тұрмыстық жағдайлардан болады. Бірақ, көпшілігі өз перзентім, өзім тәрбиелеймін деп жұдырық жұмсауы мүмкін. Бұл ретте мамандар жастайынан жәбір көрген баланың психикасына қатты соққы болатынын ескертеді.

X