Қыстың көзі қырауда салынған асфальттың сапасы бола ма? Қызылорда облысы Ақжарма ауылындағы 8 көшеге жол төселуі тиіс екен. Алайда, тендерді ұтқан екі мердігер компанияның бірі жұмысты орта жолдан тастап кетіп, екіншісіне еншісіне қалдырған. Ал, ол мекеме аязға қарайтын емес. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бұл енді Оспан Ысқақов деген көшеде бұл көше салынғаннан бері асфальт деген нәрсе болмаған. Тас жол енді, ремонт анау-мынау, бірақ асфальт деген өмірінде бірінші рет салына ма деп ел қуанып қалып еді, бірақ ешқандай асфальттың ізі жоқ.
«Ауыл — ел бесігі» мелекеттік бағдарламасы аясында Ақжарма ауылында биыл 8 көше орташа жөндеуден өту керек болатын. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 422 млн теңге бөлінген. Сәуір айында өткен тендерде жеңімпаз болып екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік танылыпты. Алайда коронавирусқа байланысты елді-мекен карантинге жабылып, жолшылар жұмыстарын маусым айында бастапты. Көп ұзамай Алматылық мердігерлер бастаған істі аяқсыз қалдырып, тастап кеткен.
ҚҰДАЙБЕРГЕН ШЫМАНОВ, АҚЖАРМА АУЫЛДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ – «Мына Оспан Ысқақов көшесін жеңіп алған компания 172 млн бөлінген тірліктің где-то 60 млн-ын игерді да қалған жұмысын сол күйінше тастап кетті. Мәселе берілген қаражатты игеруде тұр. Ал бұл игерілмей тұрғаны бірден-бір себебі біздегі тендерді жеңіп алу системасы дұрыс емес».
— Қолмен үгітіліп жатыр ғой асфальт, ертең ол қалай болатының өздеріңіз де байқап тұрған шығарсыздар.
Қыстың көзі қырауда, ал ауыл тұрғындарының екі көзі мына жолда! Екінші мердігер компания желтоқсан айына қарамастан асфальт төсеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал, ауыл тұрғындары бұл жолдың сапасына күмәнмен қарап отыр.
САМАТ ДИУАНОВ, АҚЖАРМА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Түнгі аяз 30-ға дейін барып жатыр. 30 градус аязда асфальт өзінің несін сақтап қалады дегенге сенбейді. Уже қатты деген сөз ғой. Енді осыған ауыл тұрғындары айтып жатырмыз, наразылықтарын, ей мынау тоқтатыңдар, күн жылығаннан кейін бастайық делінеді. Бірақ ешқандай қозғалыс жоқ».
Ал осы жолдарды салуға тапсырыс берген Сырдария ауданы әкімдігі жұмысты көктемге қалдыруға болмайды дегенді алға тартады.
ЕРЖАН БАҚТИЯРОВ, СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Егерде жұмыстар атқарылмаған жағдайда, қабылданбаса қаражат республикалық бюджетке және тиісті облыстық бюджетке қайтарылады. Яғни ол қайта Ақжармаға бөлінбейді ғой? — Жоқ, бөлінбейді. Ол әрі қарай енді жергілікті бюджет мүмкіндігінен қарастырылатын болады.
Осылайша, Ақжармалықтар жұмыс атқарылмай қалса республикалық қолдаудан айырылып, мүлдем жолсыз қалуы мүмкін. Ал, жергілікті бюджет мүмкіндігіне ауыл тұрғындары сенімсіздікпен қарайды. Себебі отыз жылдан бері төселмеген асфальт қаражаты жақын арада аудан не облыс көлемінен табылып қалуы екі талай дегенді айтады. Қыстың күні жол салып жатқан мердігерлер болса жаңа жылға дейін барлығын аяқтаймыз деп отыр.