14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Елімізде 4 өңір «қызыл аймаққа» өтті

Жаңа жылдық тойлатулар жақындаған сайын, елдегі эпид ахуал да алаңдатып барады.  Жан-жақта шулы корпоративтер, мерекелік отырыстар дүбірлетіп өтіп жатыр. Заңсыз. Салдары ірі айыппұл салынады, одан ауыры ауырғандар саны артып барады.  Өткен тәулікте бірден 4 өңір вирустың қызыл аймағына өткен. Індеттің сары жолағына жайғасқан астана мен Алматы қаласында да соңғы 24 сағатта 60-қа жуық пациент тіркеліпті.  Ал әлемдегі жағдай қалай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

78 жастар француз азаматшасы, 96 жастар испандық зейнеткер және 101 жастар неміс әжейі. Ковидке қарсы екпені алғаш болып қабылдаған бұл үш жан  вирусқа қарсы вакцинацияны ресми түрде ашық деп жариялады.  Екпе әуелі егде жастағы азаматтар мен алғы шепте жүрген ақ халаттыларға салынып жатыр.

«Бұл жеңіске жасаған алғашқы үлкен қадамымыз. Әрине, бұл бұрыңғы өмірге бірден ораламыз деген сөз емес.  Әлі көп жұмыс бар. Бірақ бұл үлкен жеңіс!»

Екпе Еуро одаққа мүше елдердің бәрінде салынып жатыр. Қазірдің өзінде Пфайзер компаниясы өндірген вакцинаны 1,5 млн-ға  жуық адам алған екен. ((НҰР-СҰЛТАН)) Елдегі жауапты минитсрліктің мәліметінше, әзірге бұл екпені Қазақстанға жеткізу мәселесі көтерілмеді. Талқыланып жатыр.

МАРАТ ШОРАНОВ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
«Вакцинаны елге жеткізу өте қиын жұмыс.  Арнайы талаптары бар. Екпе 70 градус суықта сақталуы керек.  Екіншіден, баға мәселесі. Мәселен, ресейлік вакциянамен салыстырсақ, құны екі есе қымбат. Дегенмен, қазір эксперттік топ екпені зерттеп жатыр.  Кейін оның тиімділігіне сәйкес, тиісті шешім қабылдайтын боламыз»

Тиімділігі дегеннен шығады.  Отандық екпе өзге препараттардан гөрі ковидке қарсы ең тиімді вакцина болып таңылды. Мәселен, ресейлік «Спутник V» вакцинасы 92 пайыз, ал қазақстандық «QazCovid-in» екпесі вирусты 96 пайыз жағдайда  жоятыны анықталған. Бұл ең жоғары көрсеткіш.  Дегенмен,  отандық екпе әлі көктемге дейін тексерілуден  өтеді, ал ресейлік  препарат Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенде өндіріліп жатыр. Вакцина жаппай қолданысқа келер жылдың ақпан айында беріледі деп жоспарланып отыр.   Алайда,  арқаны кеңге жаюға болмайды.  Кәрі құрлық елдерінде індеттің жаңа мутациясы белең алып барады.

АЙЖАН ЕСМАҒАМБЕТОВА, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Вирустың мутацияға ұшырауы заңды. Ұлыбританияда анықталған індеттің жаңа штаммы да соның кезекті түрі.  Қазақстанда бұл мутацияға Мәселен,  біздің елде отандық ғалымдар вирустың 140 штаммын анықтаған. Өйткені инфекция жаңа ортаға бейімделіп жатыр.  Алайда , одан қорғанудың бір-ақ жолы бар.  Тазалық пен арақашықтық»

Дегенмен, бұл талаптарды бәрі орындай ма?

«Тише, телефоны выключаем, монтирониговая группа…»

Арақашықтық деген атымен жоқ. Елде тығылып жасалған тойлар әлі де тыйылар емес. Бірақ бұл жағдай тіпті қызық. Мониторингтік топтың келгенін көрген қонақтар жан-жаққа қаша жөнелгені сонша, өзімен бірге сэс мамандарын ертіп  барғанын да аңғармаған.   Дегенмен,  жасырын той өткізіп, күлкіге қалған өңір енді вирустың қызыл аймағына өтті. Мұнда соңғы тәулікте 60-қа жуық пациент тіркелген.  Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарының эпид ахуалы да мәз емес. Ал Алматы мен бас қала вирустың сары аймағына жайғасқан. Осы ретте, жауапты министрлік  тұрғындарға Жаңа жылдың отбасылық мереке екенін еске түсірді.

X