18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Трамптың жақтастары Капитолийді басып алып, бірнеше адам көз жұмды

АҚШ астанасы Вашингтонда президент Дональд Трамптың мыңдаған жақтасы жаппай тәртіпсіздік орнатып, бірнеше адам көз жұмды. Уәкілеттілігі аяқталып қалған президенттің қолдаушылары елдің Конгрессі отырыс өткізетін Капитолийді басып алды. Мемлекеттік мемеке ішінде ойран салған республикандықтар президенттік сайлауда Джо Байденнің жеңіске жеткенімен келіспейтіндерін жеткізген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Дональд Трапмтың жақтастары Капитолийге жорықты мыңдаған адам болып бастады. Ал, одан бұрын қазіргі президент қолдаушыларының алдында «біз берілмейміз» деп, демократ Джо Байден жеңген президенттік сайлаудың нәтижелерін түпкілікті растау үшін жиналған Конгресс отырысына кедергі жасауға шақырған. Нәтижесі мынау.

Джо Байденнен ұтылғанын наразы болған Трамп бұзақылардың шектен шыққанын түсінді. Сондықтан қолдаушыларын сабырлыққа шақырып, үйлеріне тарауды да сұрады. Алайда, жақтастары Капитолийді басып алып, оны босатпады. Сондықтан оқиға орнына Ұлттық гвардия тартылды.

ДОНАЛД ТРАМПТЫҢ ЖАҚТАСЫ
«Биыл жаздың үш айында елімізде тәртіпсіздік жайлағанда, олар Ұлттық гвардияны шақырған жоқ. Ал, біз сияқты патриоттар шыға салысымен қарулы күшке жүгінді. Түсіндіңіз бе? Олар жаздағы көтеріліске мән бермеді. Есесіне, бізді қудаулауда.  Мұндай екі жүзді төрелік жүйесі ұзаққа бармайды».

Ұлттық гвардиядан бөлек, конгрессмендерді мекеме күзеті, полиция да қорғады. Екі тараптың қақтығысынан төрт адамның көз жұмғаны белгілі. Оның үшеуі  ереуілдеушілер болса, төртіншісі  әскери әуе күштерінде қызмет еткен әйел. Ол жергілікті полиция қолынан көз жұмған.

РОБЕРТ КОНТИ, ВАШИНГТОННЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫ
«Наразы топ Капитолий қоршауынан өтіп, полициямен қақтығысты. Тәртіп бұзғандардың біршамасы мекеме ішінде палата өкілдерінің отырысына кірмек болды. Сол кезде қауіпсіздікке жауапты полицей қызметтік тапаншасынан әйел азаматқа оқ атты. Өкінішке қарай, ол ауруханада көз жұмды. Конгрессмендерді қорғау кезінде 14 полицей жарақат алды».

Полициядағылар 52 адамның қолға түскенін хабарлады. Біршамасына қару-жарақ, тез тұтанғыш «Молотов коктейлі», екі жарылғыш зат табылған. Жаппай нарызылық кезінде Вашингтонда бір күнге коммендаттық сағат та енгізілді. Дональд Трамп пен оның қолдаушыларының бұл әрекетін әлемдік саяси тұлғалар сынауда. Тіпті, бизнесмен-президенттің қоластындағылары да олар шектен шықты деген ойда.

МАЙК ПЕНС, АҚШ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
«Бүгін Құрама Штаттың Капитолий тарихында қаралы күн. Тек осындағы полиция, федералдық,  мемлекеттік, жергілікті құзырлы органдардың көмегімен күш көрсету, көтеріліс әрекеті тоқтатылды. Қазір Капитолийде жағдай қалпына келіп, адамдар жұмысын жалғастыруда.  Біз осындай киелі жерде қайтыс болғандарды қайғырып, оны қорғаған кезде жарақат алғандарды қолдаймыз».

Конгрессмендер отырысына бір адамның кіріп, айқай салғаны белгілі. Сондықтан жиынға қатысқандар қауіпсіз жерге көшіріліпті. Бірақ, наразы топ Капитолийден шығарылып, барлығы саябырсыған соң, Конгресмендер демократ Байденді қағаз жүзінде АҚШ президенті деп таныды. Оны ұлықтау рәсімі 20-шы қаңтарда өтеді. Ал, оған дейін Вашингтонда Төтенше жағдай режимі енгізіледі. Демократия үлгісі саналған еліндегілердің  мұндайға барғанына әлем жұрты аң-таң.

Естеріңізге салсақ, дәл осындай жағдай үш ай бұрын Қырғызстанда да болған еді. Ол кезде парламенттік сайлау нәтижесімен келіспегендер «Ақ үйді» басып алған болатын. Саяси науқанға көңілі толмағандар президент отыратын мекеменің астан-кестеңін шығарды. Кейіннен Сооранбай Жээенбеков президенттіктен кетті.

X