Сайлауда қандай заңбұзушылықтар болды?
11 января 2021
Айтарлықтай заңбұзушылық анықталмады. Сайлау кезінде болған кейбір келеңсіздіктерге қатысты Бас прокуратура түсініктеме берді. Комиссия мүшелерінің жұмысына кедергі жасап, санитарлық талаптарға бағынбағаны үшін сайлау учаскескілерінен 10 бақылаушы шығарылған. Одан бөлек, жалған ақпарат таратып, қоғамда жасанды дүрбелең туғызғандар да табылған. Оларға қандай жауапкершілік көзделіп отыр?